Жаңалықтар - Заң - 25.09.2023

Өзбекстанда кісі өлтіріп, қашып жүрген күдікті Астанадан ұсталды

Елордалық полицейлер жедел алдын алу шарасы барысында қылмыскерді анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша, елордалық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын құрықтады. Ол 2019 жылы Наманган облысында кісі өлтіргені үшін іздеуде болған және қылмыс жасағаннан кейін Қазақстан аумағына өтіп, жасырынған. Ер адам Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі уақытта Минск конвенциясына сәйкес экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

 

Фото Polisia.kz сайтынан алынған.