Бөдене және Өрлік ауылдарындағы кірме жолдарды жарықтандыру қараша айында аяқталады
Бөдене және Өрлік ауылдарындағы кірме жолдарды жарықтандыру қараша айында аяқталады. Бұл туралы Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, дейді «Батыс-Инфо»
— Өрлік ауылындағы кірме жол бойына жарық шамдарының құрылысы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жарияланғанда «АтырауЭкспертПроект» ЖШС 23 млн. 136 мың теңгеге жеңімпаз ретінде анықталып, компания қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ал Бөдене ауылындағы А.Далабаев көшесі жарығының тозығы жетуіне байланысты, жарық шамдарын қайта жаңғырту жұмысының жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, сараптама қорытындысы алынды,-деді Индер аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасов.
Оның айтуынша, Бөдене ауылындағы көше жарығы құрылысына «AtyrauLocalCompany» ЖШС мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 23 млн. 783 мың теңгеге жеңімпаз ретінде анықталып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, Бөдене ауылында 1600 адам, Өрлікте 3118 адам тұрады.
Фото semeynews.kz сайтынан алынды.