Атырауда жекеменшік балабақша иелері шағымданды

Атырауда жекеменшік балабақша иелері жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке шағымданған. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, дейді «Батыс-Инфо»

Кәсіпкерлердің сөзіне сенсек, Атырау облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімі және «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының» жергілікті филиал қызметкерлері «Qazna Face» пилоттық жобасына қатысу бойынша негізсіз талаптар қойған.

Айта кетейік, «Qazna Face» — биометриялық деректерді оқу арқылы мектепке дейінгі, орта, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында контингентке баруды автоматтандыруға арналған қосымша.

Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесіп, мәжбүрлеу талаптарын тоқтатуға және кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға жол бермеу туралы ұсыныс берді.

 

Фото Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ресми сайтынан алынды.