Қ.Ахмедияров атындағы «Нарын» оркестрі Ресейдің Астрахань облысында өнер көрсетті

Қ.Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі Ресейдің Астрахань облысында өнер көрсетті.

Ресей Федерациясы Астрахань облысы Астрахань филормониясында қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай өнер көрсеткен атыраулық оркестрдің концертіне Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дәурен Абаев, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, облыстан арнайы барған делегация мүшелері мен ресейлік көрермен қатысты, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып.

Концертте оркестр Астрахань тұрғындарына қазақтың әйгілі Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский, Қаршыға Ахмедияров, Құрманғазы Сағырбаев сынды күйшілердің танымал күйлерін, Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен попури орындады. Сондай-ақ, домбырашылар, баяншылар, қобызшылардың орындауында жеке нөмірлер қойылды.

Айта кету керек, биыл «Нарын» оркестріне — 56 жыл. Оркестрдің көркемдік жетекшісі, дирижеры — ҚР Мәдениет саласының үздігі Ержан Қитаров. Оның құрамында 60-тан астам маман жұмыс істейді.