Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми сайтында жарияланды.
Еске салайық, Астанадағы мейрамханалардың бірінде боксшы Бейбіт Шүменов ер адаммен ерегісіп, ақырында оны соққыға жыққан. Бұл жайт бейнабақылау камерасына түсіп қалған. Шүменовтың қолында баласы бар ер адамды аяусыз ұрып жатқаны кадрдан анық көрініп тұр. Кейін оның 5 жылға сотталу мүмкін екені айтылды.