Спорт - 11.05.2021

Тұяқбай Ерсін – Қазақстан чемпионы

6–9 мамыр күндері Шымкент қаласында белбеу күресінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Асылбек Қалиев бастаған Атырау облысының спортшылары 1 алтын және 3 қола медаль еншіледі.

60 келі салмақта Тұяқбай Ерсін жеңімпаз атанып, қыркүйек айында өтетін ТМД елдерінің ойындарына жолдама алды. Ал 57 келіде Жақсығали Бекзат, 65 келіде Жолдасқалиев Жұмабек және 120 келіде Құттыбаев Нұрсат қола медальға ие болды.