Қайранда қалған балықтарды құтқару жұмыстар жалғасуда
Қайранға шығып қалған балықтарды құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникация қызметі хабарлады.
Ағымдағы жылдың 2-мамыр күні Атырау қаласы, Бесікті елдімекеніндегі “Безымянный” көліне Жайық өзенінен жайылымға өр сулары шығуына орай, көктемгі уылдырық шашуға кірген қаракөз балықтары қайырлап қалғаны анықталды.
Осы ретте, Атырау қалалық әкімдігі, Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасы мен Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, сондай-ақ, жастар мен еріктілердің белсенді қатысуымен, балықтарды құтқару жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 3 тонна балық құтқарылып және өлген 470 кг. балық санитарлық талаптарға сай, көму жолымен жойылды.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта балық өтетін канал темір тормен жабылды. Балықтың көлге өтуі тоқтатылды. Қалалық әкімдікпен коммуналдық жұмыстар атқарылуда. Балық инспекциясы, Орал-Жайық бассейндік басқармасы бұл жағдайда құзырлы орган болып табылады. Көлге шыққан балықтар балық кооперативтерімен, әкімдікпен жиналып қайтадан Жайыққа жіберіледі.