Атырауда мереке күндері де вакцинация пункттері жұмыс жасайды
1–3 мамыр аралығындағы демалс күндері Атырау қаласында, аудандар мен ауылдарда егу пункттері өз жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, аймақта вакцинация процесі тоқтамайды және облыс тұрғындары мамыр айындағы демалыс күндері вакцинаны еш кедергісіз алуына болады.
– Өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады, коронавирустық инфекциямен ауыратындардың саны күн сайын артып келеді. Осыған байланысты біз мереке күндері де вакцинациялау пунктері жұмысын тоқтата алмаймыз. Бірақ, егу пункттерінің жұмыс кестесінде ғана кішкене өзгеріс болады. 1, 2 және 3 мамырда егу орындары сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қызмет көрсетеді, – деп қорытындылады Асхан Байдуәлиев.