Спорт - 22.04.2021

Жас волейболшылар ел чемпионатында қола медаль еншіледі

12–19 сәуір күндері Өскемен қаласында волейболдан 23 жасқа дейінгі ересектер арасында Қазақстан Республикасының соңғы V тур ойындары өтті. «Атырау -2» командасы 15 ұпаймен екінші нәтиже көрсетті.
Барлық тур ойындарының қорытындысы бойынша Атырау жастары 66 ұпаймен чемпионаттың қола жүлдегері атанды. 91 ұпаймен «Буревестник» бірінші, 87 ұпаймен «Алтай -2 » командасы екінші орындарға ие болды.
Атырау құрамасында Маратов Айбек, Маратов Қазбек, Турархан Ақжол, Орынбасаров Қуаныш, Таңбай Шыңғыс, Есқайыров Мейрамбек, Ләш Мәдениет, Жамбылов Нұрасыл, Берикбол Дидар, Әлімбек Төлеби, Абдрахманов Женисбай, Тыныштықов Нұрхан секілді спортшылар бар.