Атырауда ГТФ таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтті
17–19 сәуір күндері «Атырау» спорт кешенінде ГТФ таеквондодан жастар мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысты.
Жалпы командалық есепте 3 алтын, 3 күміс және 4 қола жүлдемен Атырау облысы екінші орын алса, Ақтөбе облысы бірінші және БҚО мен Павлодар облысы үшінші орындарды еншіледі.
Массоги бөлімі бойынша жастар арасында Бақтыбек Аспанбек күміс, Атабайұлы Елнұр мен Демегенов Айбек қола медаль еншіледі. Ересектер арасында Альжанов Берик алтын, Ситимов Рустем күміс және Сулейменов Данияр қола жүлдеге ие болды.
Хъёнг бөлімі бойынша жастар арасында Палёнов Алексей мен Бақтыбек Аспанбек алтын, Демегенов Айбек күміс, Бекбол Нурали мен Атабайұлы Елнұр қола медальға ие болды.