65 жастан асқандарды вакцинациялау  сәуірде басталады

Денсаулық сақтау министрлігі сәуірде жасы 65-тен асқан азаматтарды вакциналауды бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы мемлекеттік бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.

– Сәуірде тәуекел тобындағы 65-тен асқан тұлғаларға вакцина еге бастаймыз. Вакцинаның өңірлерге жеткізілу қарқынына қарай вакцина алатын топтардың аясы кеңейетін болады, – деді Ерлан Қиясов.

Оның айтуынша, егде жастағы қазақстандықтар вакциналаудың алғашқы кезеңінде де екпе алып үлгерген екен. Яғни, бастапқы кезеңге жатқызылған топтың ішінде жасы 70-тен асқан медицина қыметкерлері де болған.

– Жасы 60-тан асқан көп адам екпе алды. Қазір олардың жағдайы қалыпты. Осыған қарап вакцина қолайлы екенін көруге болады, – бас санитар Ерлан Қиясов.