Жергілікті бюджет кірісі 20 млрд. теңгеге артық орындалды
Атырау облысы бойынша коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бұл туралы облыстық мәслихаттың 2 сессиясында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары мәлім етті.
⠀
Отырысқа аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағасы, басқарма басшылары, онлайн режимде аудан әкімдері қатысты.
⠀
– Жергілікті бюджет бойынша болжам 350,4 млрд. теңге болса, 371,1 млрд. тенге көлемінде нақты төлем түсіп, болжам 20,7 млрд. теңгеге немесе 105,9 пайызға артығымен орындалды, – деді Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекен Шанаев.
⠀
Сондай-ақ, пандемияға байланысты 187 мыңға жуық қызметкері бар шағын және орта бизнестің 12 мыңға жуық салық төлеушілері ұсталатын салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылған.
⠀
Сонымен қатар, Б.Шанаев Департаментпен 953 079 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 928 162 немесе 97,4 пайызы электронды түрде ұсынылғанын жеткізді.