Көлігіне жасанды мемлекеттік белгі орнатқан жүргізуші анықталды
Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 наурыз күні Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерімен Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы бойында мемлекеттік белгілері күдік тудырған, маркасы «Лада-21214» автокөлігі тоқтатылған. Тексеру кезінде көліктің артқы мемлекеттік белгісінің қолдан жасалғандығы анықталды.
– Нәтижесінде көлік құралы арнаулы тұраққа жеткізіліп, 36 жаста жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 590-бабы 4-бөліміне сәйкес әкімшілік іс-құжат жинақталып, мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.