Әлем - 11.03.2021

Оқушылар мінген автобус құздан құлап, 27 адам ажал құшты

Индонезияда мектеп оқушылары отырған автобус құздан құлап, кемінде 27 адам қаза тапқан. Бұл туралы DW сайты хабарлайды.

Қайғылы оқиға 11 наурызға қараған түні Ява аралында болды. Автобуста экскурсиядан келе жатқан оқушылар мен ата-аналар отырған. Автобуста жалпы 66 адам болса, оның 27-сі қаза тапқан.

Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Ал қайтыс болғандар туралы ақпарат белгісіз. Тек оқушылардың ислам мектебінде оқығаны белгілі.