Ауыр жұмыста жүрген азаматтарды зейнетке ерте шығару ұсынылды

Өндіріс пен ауыр жұмыста жүрген азаматтарды да ерте зейнетке шығару керек. Bugin.kz-тің хабарлауынша, бұл туралы ҚР Парламентінің пленарлы отырысында мәжіліс депутаты Александр Милютин премьер-министр Асқар Маминге жолдаған сауалында айтқан.

Депутаттың айтуынша, азаматтар жұмысының ауыр не жеңіліне қарай зейнетке шығуы тиіс.

– Зейнетақы заңнамасында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ғана ерте жастан зейнетке шығуына рұқсат берілген. Біз мұны әділетсіздік деп ойлаймыз. Өйткені шахтер, металлург және өнер саласы мамандарының жұмысы бұдан да ауыр әрі кәсіби қабілетін ерте жоғалтады. Зейнетақы заңнамасы азаматтардың зейнетке шығуын сала не мамандық бойынша бөлуі дұрыс емес. Еңбек жағдайы мен жұмысының ауырлығы тең дәрежеде есептеліп, ауыр жұмыста істейтіндерді ертерек зейнетке шығару керек, – дейді Милютин.