Министрлік: сәуірде тәуір болмайды

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда сәуір айына арналған коронавирус індеті бойынша болжамды жариялады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

– Ақпан мен наурыздың басындағы тенденцияны ескере отырып, қысқа мерзімді перспективада сәуірде 13-тен 20 мыңға дейін ауру болады деп болжанып отыр. Біз екі аптада бір рет алынған тарихи деректерді ескере отырып, деректерді үнемі жаңартып отырамыз. Осылайша барлық болжамдар оптимистік және шынайы болжамдарды ескере отырып жаңартылады, – деп жауап берді вице-министр.