Халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
Беларусь елінің Гомель қаласында бокстан жастар арасында өткен Халықаралық турнирде Ұлттық құрама сапында қос атыраулық спортшы сынға түсті. Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт бвсқармасы хабарлайды.
Ауыр салмақ дәрежесінде атыраулық Аманат Сабырғали алтын медаль иеленді. Ол жартылай финалда Молдава елінің өкілін ұтса, ақтық сында тағы бір қазақстандық спортшыдан басым түсті.
Айта кету керек, бұл пандемиядан кейінгі жас боксшыларымыздың алғашқы Халықаралық жарысы.