Талдықорғаннан 7 жүлдемен оралды

28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Талдықорған қаласында қоян-қолтық ұрыстан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған сайыста атыраулық спортшылар 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншіледі.

18–21 жас аралығында Мұратұлы Алтынбек аса ауыр салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. 14–15 жас аралығында 42 келіде Мейрамбек Айғалиев пен 46 келі салмақта Қарақат Болатқызы үздік шықты.

42 келіде Утебалиева Луиза, 55 келіде Абуов Азамат және +75 келіде Маханов Ибрахим күміс жүлде иеленсе, 46 келіде Диас Нұрлан үздік үштікті түйіндеді.