Өткен жылы елімізде 143 жасөспірім суицид жасаған

ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев айтты.

– ҚР Қоғамдық денсаулықты сақтау орталығының мәліметінше, еліміздегі оқушылардың 12 пайыздан астамы жәбірлеуге ұшырауы мүмкін. Өткен жылдың өзінде 143 жасөспірім өзіне қол жұмсаған болса, 306 адам өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Яғни, әлем бойынша еліміз балалар арасындағы суицидтен алдыңғы қатардың бірінде тұр. Бұған қоса көп жағдайда суицидтің не үшін жасалып жатқаны да белгісіз, – деді Мәжіліс депутаты Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.