Телеарналар мен радиолар уақытша хабар таратпайды

«Қазтелерадио» АҚ қазақстандықтарға телерадиохабар тарату сигналы уақытша өшірілетінін ескертті.

– 10 наурыз сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, – делінген хабарламада.

Компанияның ақпаратынша, Қазтелерадио тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.