Із-түссіз жоғалған исатайлықтар табылды

Исатай аудандық Полиция қызметкерлеріне 23 ақпан күні 16:00 шамасында Исатай ауданы, Айбас елдімекенінен Тұщықұдық ауылына жолға шыққан жолаушылар іс-түссіз жоғалды деген хабарлама келіп түскен.

«Нива» автокөлігімен құмнан ауылға бет алғандардың екеуі – 2, 8-сынып оқушылары.

– Полиция қызметкерлері, Төтенше жағдай, дәрігерлер және еріктілермен бірлескен арнайы іздестіру тобы екі үлкен техникамен таңда жолға шығып, жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 3 адам да аман табылды. Барлығының да жағдайы қалыпты, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.