Атыраулықтар ескі көлік мінбейді

Қазақстанда ескі автокөліктер саны 8%-ға азайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.

Қазақстанда 870 318 жеңіл автокөлік бар. Оның 64,5%-ы – шығарылғанына 10 жылдан асқан. 2015 жылы ескі көліктің қоғамдағы үлесі 72,5% еді. Содан бері бұл көрсеткішті төмендету үшін елімізде қайта өңдеуге төлем енгізу және жеңілдетілген автонесие түрінде мемлекеттік ынталандыру шаралары қолданылды. Нәтижесінде, олардың саны 8%-ға азайды.

10 жылдан асқан автокөліктер Алматы облысында ең көп тіркелген. Ең азы – Атырау облысында.

Шығарылғанына 3 жылдан аспаған жаңа автокөліктер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ең көп тіркелген.