Сотталғандар қоғамдық жұмыстарға белсене араласуда
Атырауда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар қарттар үйінің ауласындағы қарды күреп берді.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталған азаматтар қар күреуге өздері ерік білдірген. Сондай-ақ, сотталған азаматтарға жергілікті колледж студенттері де көмектескен.
– Қоғамдық жұмыспен айналысу – азаматтық борышым. Қыстыгүні қарттардың қарын күреп, баталарын алғанымызға қуаныштымыз, – дейді ұрлық жасағаны үшін шартты түрде сотталған Азамат.
Қоғамдық жұмыстың басты мақсаты – ұсақ қылмыс жасап, құқықбұзушылыққа жол берген сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу.
Айта кетейік, облыстағы пробация тізімінде 800-ден астам сотталған тіркеуде тұр бар. Олардың ішінде әйелдер мен кәмелет жасына толмаған балалар да бар.