Кеше өңірде 40 адам КВИ-ден емделіп шықты

Атырау облысында өткен тәулікте 28 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 2-еуі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 22 жұмысшы, Индер мен Құрманғазы ауданынан 2 адамнан тіркелген.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 3 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 40 адам  емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 95 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда – 70, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 16, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 221 адам оқшауланып ем қабылдауда.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткіші бойынша бүгін, он төртінші  күн – Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.