Әлем - 18.02.2021

Оңтүстік Кореяда 28 млн.-ға жуық үй құсы өлтірілді

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Оңтүстік Корея бейсенбі күні жоғары патогенді құс тұмауының екі оқиғасын зерттеп жатқанын мәлімдеген.

Ауылшаруашылық, азық-түлік және ауылдық аймақтар министрлігінің мәліметінше, H5N8 құс тұмауының кейінгі үлгілері Солтүстік Чхунчхон және Кёнги провинцияларында тіркелген.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея фермаларында құс тұмауымен ауырған 97 адам анықталды.

Қарашада Корея құс фабрикаларындағы алғашқы қауіпті жұқпалы құс тұмауы туралы хабарлады.

Билік өкілдері аурудың таралуының алдын алу мақсатында 28 миллионға жуық үй құсын өлтірді.

Бейсенбі күнгі мәлімет бойынша жабайы құс ауруына шалдыққандар саны 186-ға жетті.