Облыс әкімі азаматтарды онлайн қабылдады

Махамбет Досмұхамбетов облыс тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша онлайн форматта қабылдады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Өңір басшысына оннан астам тұрғын өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдармен жүгінді.

Қабылдауға жазылған тұрғындардың сауалы ауыл атауын өзгерту, баспана кезегі, қаладағы ескі үйлердің сүрілуі, шаруа қожалығына қолдау көрсету бағытында қойылды.

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов тиісті сала басшыларына халықтан түскен сауалдарды мүмкіндігінше шұғыл, әрі заң шеңберінде шешіп отыруға және қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.