Биыл өңірге 7 миллион көшет отырғызылады
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстар есебін беру кезінде айтты.
Облыстағы орман қорлары жеріне көшеттер 2021–2025 жылдар аралығында отырғызылады.
– Ауаның ластануы, жасыл желектердің жұтаңдығы – жиі көтерілетін мәселелер. Көгалдандыру бойынша, қала, аудан аумағынан жалпы көлемі 5 мың гектардан астам учаскелердің тізбесі жасалды. Оларға тал отырғызу жұмыстарына «NСОС», «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз», «Атырау мұнай өңдеу зауыты» және басқа да компанияларды тарту көзделуде, – дейді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Және биыл «Сасық сай» кәріздік сулардың булану алаңын қалпына келтіру жұмыстары басталады.
«Квадрат» кәріздік сулардың булану алаңы бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Осы ретте, кәсіпорындардың атмосфералық ауаға тастаған ластаушы заттар шығарындылары 2019 жылмен салыстырғанда 15 мың тоннаға, яғни 9 пайызға азайған.