Атырау облысында көппәтерлі 41 тұрғын үй салынуда

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстар есебін беру кезінде айтты.

– Былтыр облыста 5 мың 984 пәтер берілді. Коммуналдық тұрғын үй қорынан 759 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
«Шаңырақ» пилоттық ​жобасы мен «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 432 отбасы баспаналы болды. Қазіргі таңда облыста 2 436 пәтерлік 41 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, – деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.