Облыста 8 мектеп пен 11 балабақша салынуда

​Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты.

Бұдан басқа, биыл 3 мектеп пен 6 балабақшаның құрылысы басталмақ. Оның ішінде, Атырау қаласы «Көктем» ықшамауданындағы​ 160 орындық балабақша мен Индер ауданы Есбол ауылындағы 320 орындық мектептің құрылысы бар.

​– Құрылысы жүріп жатқан 8 балабақша және 5 мектеп биыл аяқталады. Нәтижесінде 3 170 бүлдіршін балабақшамен қамтылып, 4 мыңнан астам бала жаңа мектепке барады, – деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Айта кетсек, былтыр мектепке дейінгі 9 ұйым ашылып, 2 мектептің құрылысы аяқталды.​ Нәтижесінде 1 360 сәби балабақшамен қамтылып, 1 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілді. Және өткен жылы облыс педагогтарының қатары 309 маманмен толықты.