Вакцинациялаудың алғашқы кезеңі аяқталды

Атырау облысында вакцинациялаудың бірінші кезеңі аяқталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ерікті түрде «Спутник V» вакцинасын салудың бірінші кезеңі аяқталды.

– Атырау облысында коронавирус инфекцияға қарсы вакцинациялаудың бірінші кезеңі 1–15 ақпан аралығында жүргізілді. Осы мақсатта Атырау қаласында – 16, ал аудандандарда 8 орын ашылды.
Алғашқы кезекте вакцинаны медицина саласының мамандары алды. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер де бар. Атырау қаласында – 725, аудандарда 273 адамға екпе салынды. Вакцина алғандар арасында ауруханаға жатқызу жағдайы тіркелген жоқ, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.