Республикалық турнирден жеңіспен оралды

Атыраулық стритболшылар «Winter Jam» турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

13–15 ақпан күндері Алматы қаласында стритболдан республикалық турнир өтті. 8 құрама арасынан Атырау облысы спортшылары жеңімпаз атанды.

– Бұл Алматы қаласында 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өтетін Қазақстан чемпионатының алдындағы соңғы дайындық болды. Спортшылар былтырғы чемпиондық атағын қорғап қалуы тиіс, – дейді баскетболдан облыс аға жаттықтырушысы Саламат Тургаев.

Айта кетсек, Атырау облысы құрамасында Ерқанат Қайрошев, Ілияс Жүнісов, Асқар Табешов және Жәңгір Балғымбаев ойнайды.