Атыраудың бас ұстазы челлендж жолдады
Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев қазақтың бас ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай челлендж жолдады. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды
Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің есімін ұрпақ арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған ұстаздар челленджі Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасының басшысы Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаеваға жолданды.
Атыраулық ұстаздар ұйымдастырған видео-челленджде Ы.Алтынсариннің өнеге, білім тақырыбындағы нақыл сөздері айтылады.