Өңірде КВИ жұқтырғандар саны азайды
Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 109 науқас сауығып шықты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше 38 адамнан ПТР арқылы КВИ анықталған.
Олардың 23-і Теңіз кенішінің жұмысшысы болса, 13-і Атырау қаласынан және Жылыой ауданынан 2 адам тіркелген.
Қауіпті дертке шалдыққан 8 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Бүгінде 151 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарға – 69, аудандардағы стационарда – 22, Теңіз кенішіндегі стационарда 278 адам ем алу үшін оқшауланған.