Мұнай өнімдерімен ластанған «Ақжайық» ЖБС аумағы түбегейлі тазартылмақ

Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Ә. Бекмұхаметовтің төрағалығымен бұрынғы «Ақжайық» жуу-булау станциясының (бұдан әрі – «Ақжайық» ЖБС) аумағында топырақ жамылғысының мұнай өнімдерімен ластану салдарын жою жұмыстары тақырыбында жиналыс өткізілді.
Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға Атырау көлік прокуроры С. Жасар, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің «ЖТ Атырау бөлімшесі» филиалының директоры Д. Құланбаев, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің «ЖТ Атырау бөлімшесі» филиалының өкілі Б. Картан, «ҚТЖ Ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Атырау магистралдік желі бөлімшесі» филиалының өкілі С. Сейлханов, Атырау облысының Әділет департаментінің өкілдері М. Зайнеденова, Г. Аманова, Атырау қаласы әкімдігінің өкілі Г. Жолдасова, Атырау қаржы басқармасының өкілі Т. Нурпейсов қатысты.

Жиын барысында «Ақжайық» ЖБС аумағын мұнай өнімдерінен тазалау бойынша жасалған жұмыстар талқыланып, қатысышуларға станция аумағындағы атқарылған жұмыстарды қарау ұсынылды.
Осыған орай, 10 ақпан күні жиынға қатысушылар бұрынғы «Ақжайық» ЖБС аумағына барып, жұмыстарды тексерді. Бүгінде станция аумағында әкімдіктен алынған ауыр техникамен  тазалау жұмыстары жүргізілуде.

– «ҚТЖ Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері 1 наурызға дейін «Ақжайық» ЖБС аумағын мұнай өнімдерінен тазартып, барлық ластанған топырақ пен қалдықтарды кейін сол аумақта орналасқан бетондалған бассейндерге жинап, шығармақ.
Ал тексеріске барған азаматтар аталған мерзімге дейін станция аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалайтындығын болады, – деп атап өтті департамент басшысы Ә.Бекмұхамбетов.