Биыл қалада басталмақ құрылыстар

Атырау қаласы әкімі Қайрат Оразбаевтың айтуынша, биыл Береке ықшамауданынан​ 240 пәтерлік  бір тұрғын үй ​және Самал ықшамауданында​ 432 пәтерлік ірі панельды 16 тұрғын үйлердің ​ құрылысын салу жоспарлануда.
⠀

– Сонымен қатар, Талғайраң елдімекенінде 46 көпқабатты үйлердің құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақталды. Және Талғайраң елдімекенінде салынып жатқан 1 080 пәтерлік 24 көпқабатты тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп атап өтті тұрғындарға есеп берген қала әкімі.
⠀
Бұдан бөлек, «Нұрлы жер» тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Терможаңғырту» бағыты бойынша өткен жылы 4 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп тапсырылса, биыл 15 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарда.
⠀
Сондай-ақ, Томарлы селосы мен Геолог ықшамауданында спорт кешендері салынбақ.
⠀
– Қазіргі таңда Томарлы селосында және Геолог ықшамауданында спорт кешенінің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Және Атырау​ қаласындағы 25 мектепке арналған спорт алаңының жұмыстары жалғасуда. Олар биыл ​ іске қосылады, – деді Қайрат Оразбаев.
⠀
Еске сала кетелік, өткен жылы Атырау қаласында 17 спорттық нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде 5 футбол алаңы, 2 баскетбол алаңы, 4 воркаут, 6 балалар ойын алаңы бар.