1 мамырдан бастап көше атаулары өзгермейді
Қазақстанда 1 мамырдан бастап көше атауын өзгертуге мораторий енгізілмек. Мұндай ұсыныс Қазақстан Республикасының 2021 жылғы Ұлттық халық санағын жүргізу жөніндегі арнайы комиссиясының бірінші отырысы барысында жасалды.
– Сапалы санақ жүргізу үшін комиссия 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейінгі аралықта әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату және қайта құру, елдімекендердің құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту бойынша ұсыныстарға мораторий енгізу қажеттілігін қарастырды, – делінген комиссия отырысынан кейін таратылған ақпаратта.