Құрманғазы ауданындағы құс фермасы 79 тонна ет өндірді
Бұл туралы өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев мәлімдеді.
– «Бұйырғын» өндірістік кооперативіне қарасты Құс фермасы заманауи технологиялар арқылы қайта жабдықталды. Ферманың жылдық қуаттылығы – 312 тонна. Өткен жылы қайта іске қосылған ферма 79 тонна құс етін өңдірді, – деп атап өтті Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев.