Қазақстанда баспана қымбаттады
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2021 жылғы қаңтар айында:
— таза әрленген жаңа үйлердің республика бойынша орташа бағасы 1 шаршы метрі үшін 319 252 теңгені көрсетті. Былтырғы желтоқсан айымен салыстырғанда баға 3%-ға көтерілді;
— абаттандырылған үйді қайта сату құны 1 шаршы метрі үшін 244 715 теңге болды. 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда 5%-ға қымбаттады;
— абаттандырылған үйді жалға алу бағасы 1 шаршы метрі үшін 1 687 теңге болып, өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,7%-ға жоғарылады.