Жас «Атырау барыстары» чемпионатты сәтті бастады

5–11 ақпан күндері Щучинск қаласындағы «Жақсы» спорт кешенінде баскетболдан облыс құрамаларының ұлдар арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы тур ойындары басталды. Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Чемпионатқа Атырау облысы құрамасынан өзге 8 команда қатысуда. Спортшыларымыз алғашқы ойындарды сәтті бастады. Олар БҚО командасын 106:37, Маңғыстауды 63:30, Иртышты 80:75 және Алматы құрамасын 66:61 есебімен ұтты.

Келесі ойындар Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Түркістан командаларымен өтеді.

Айта кету керек, «Атырау барыстарының» жастар командасы былтырғы ел чемпионатында қола жүлдегер атанған еді.