Атырауда әзірге жұма намазы оқылмайды
Қазіргі таңда карантин жағдайына байланысты, «жасыл аймақтарда» тұрған өңірлердің ауылдарында ғана мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат беріліп отыр.
Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұма намазына байланысты шұғыл мәлімдеме жасады.
– Атырау облысы «сары аймақта» тұруына байланысты, мұнайлы өңірде әзірге жұма намазы оқылмайды. Бұл мәселеге бұған дейін түсіністік танытып келген халқымыз дұрыс қабылдайды деген сенімдеміз, – деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы шұғыл мәлімдемесінде.