Оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші ұсталды
Атырауда жолдағы жөндеу жұмыстарына назар аудармай, арнайы белгіге соғып, салдарынан жарақат алған арнайы автобаза жұмысшысына медициналық көмек көрсетпей кетіп қалған жүргізуші ұсталды.
29 қаңтар күні сағат 10:30 шамасында Сәтбаев көшесіндегі «Орталық көпір» үстінде маркасы мен мемлекеттік нөмері белгісіз автокөлік «жол жұмыстары жүргізіліп жатыр» деген белгісі бар темір кедергіге соқтығыс жасаған. Соққы екпінімен темір кедергі жол жиегінде тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан 1980 жылғы «Арнайыавтобаза» қызметкеріне тиіп, салдарынан жұмысшы жарақат алды.
Алайда автокөлік жүргізушісі жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетпестен оқиға орнынан кетіп қалған.
Аталған автокөлік Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіріліп, нәтижесінде маркасы «Toyota Hilux» автокөлігінің 1964 жылы туылған қала тұрғыны анықталды. Ал көлік арнайы автотұраққа қойылды.
Қазіргі уақытта аталған азаматқа қатысты іс-құжаттар жинақталуда.