Қашағанда газ өңдеу зауыты салынады
Биыл Қашағанда шикі газ өңдеу зауытының құрылысы басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты.
– Президенттің тапсырмасына сәйкес осы жылы Қашаған кен орнының шикізат базасында құны 860 млн. доллар тұратын, қуаты 1 млрд. текше метр шикі газ өңдеу зауытының құрылысын бастау жоспарлануда. Жобаны табысты іске асыру үшін мемлекет бірқатар мәселелерді пысықтады. Атап айтқанда, жоба шикізатпен, инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, жобаны қаржыландыру қаралды, – деді Нұрлан Ноғаев.