Биыл Махамбетте 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталмақ

Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Мұқаш Зұлхарнай​ айтты.

– Сонымен қатар, 36 пәтерлік 3 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, сараптамадан өткізілді. Тағы 60 пәтерлік 3 тұрғын үйдің жобасы жасақталуда. Есепті кезеңде 24 594 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, – деді Мұқаш Зұлхарнай.

Атап өтерлігі, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде көпбалалы отбасыларға 19 тұрғын үй сатып алынып, табысталды.​ 6 тұрғынға 6,5 млн. теңгенің тұрғын үй сертификаттары берілді.

Жалпы, бүгінде Махамбет ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 982 адам тұр.