Кеше Атырауда 78 адамнан коронавирус анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 59 жұмысшы, Жылыой – 3, Құрманғазы мен Исатай ауданынан 1 адамнан тіркелді.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 9 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 75 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 322 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 74 науқас және аудандардағы инфекциялық стационарларда 28 адам ем қабылдауда.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы – «сары аймақта».