Майкөмген ауылына 300 орындық мектеп салынбақ

Майкөмген ауылынан 300 орындық орта мектептің құрылысы биыл басталады. Қазіргі уақытта жоба бойынша тендерлік рәсімдер жүруде. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

– Қазіргі уақытта Құлсары қаласында 300 орындық №5 орта мектептің және 580 орындық №6 орта мектептің​ құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысандар құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарда тұр.
Медицина саласын жақсарту мақсатында Құлсары қаласынан 75 орындық орталық ауруханасының құрылысы басталды. Ал 200 орындық модульдік аурухананың құрылысы биыл бірінші жартыжылдықта аяқталады. Жергілікті билік сапаға және нәтижелі жұмысқа назар аударуы тиіс, – деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.