«Көлікке өзі соғылған» азаматқа айыппұл салынды

Атыраулық полицейлер жол бойындағы көлікке өзі соғылған деп тараған бейнежазбадағы азаматты анықтады.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 30 қаңтар күні Атырау қаласы Ғ.Абдрахманов көшесінің бойында келе жатқан «Toyota Camry» автокөлігінің келіп қалғанын байқамаған 38 жастағы жаяу жүргінші өзі барып соғылған.
Осы факт бойынша жаяу жүргіншіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігімен, яғни жаяу жүргіншілер өтуге арналмаған жерден өткені үшін хаттама толтырылып, айыппұл салынды.