Қазақстанда вакцинация басталды

Бүгін Қазақстанда Covid-19 қарсы Ресей Федерациясында өндірілген «Спутник V» вакцинасын егу науқаны басталады.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өңір бойынша алғашқылардың бірі болып облыс әкімінің орынбасары Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы, облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдуәлиев Асхан Мархабайұлы, облыстық Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Танауов Мәдениет Рашидұлы, облыс­тық онкологиялық диспансердің  директоры  Эль­мира Сапарова, облыстық аурухана директоры Иманғалиев Ербол Зейноллаұлы алады.

Вакцинация бүгін сағат 10:00-де Атырау  қалалық №3 емханада өтеді.

Бұған дейін, ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1 000 дозасы Атырау облысына келетіні хабарланған еді.