Дәретханада босанып, баланы қоқысқа тастаған

24 қаңтар күні Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 35 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған.
Қансырап қалған келіншекке көмекке келген жедел жәрдем қызметкерлері оның жаңа босанғанын байқаған. Алайда үйден кішкентай нәрестені таппағасын, тәртіп сақшыларына хабарлақан.
Келіншектің заңды некедегі жары мен төрт баласы бар, бірақ ол осы жүктілігінде дәрігердің есебіне де тұрмапты.
– Гинекологтармен қаралу нәтижесінде оның босанғандығы анықталды. Келесі күні баланы берген жоқ. Нәрестені іздеу барысында өзінің тұрғылықты жері бойынша 100 метр жерде қоқыс жәшігінен баланың өлі денесі табылды. Әйел адам өзінің үйінің туалетінде босанған. Баланы сыртқы қарау кезінде толыққанды дамыған, биологиялық дамыған бала екендігі анықталып отыр, – Қызылқоға ауданының прокуроры Досбол Бағытжанов.

Қазір «Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу» бабымен тергеу ісі басталды. Ал сот медициналық сараптама шарананың неден өлгенін анықтайды. Ал әйелдің өзі бұл іс-әрекетін түсіндіруден бас тартып отыр.