Қоқыс төгемін деп айыппұл арқалады

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 26 қаңтар күні сағат 15:10 шамасында Жұмыскер-2 ықшамауданы, Құлбарақ батыр көшесі тұсында «КамАз» автокөлігін тізгіндеген 31 жастағы жүргізушінің қоқыс қалдықтарын белгіленбеген жерге төккені анықталды.
Оған қатысты ҚРӘҚБтК-нің 505-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, қысқартылған түрде 29 170 тенге көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, тексеріс кезінде аталған азамат «КамАз» автокөлігіне лэд жарық шамын қондырғаны анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің  590-бабының 5-бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, 14 585 тенге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетсек, жыл басталысымен дәл осындай құқықбұзушылық жасаған 70-ке жуық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.