Браконьерлік фактісі бойынша 23 қылмыстық іс қозғалған
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2021 жылдың басынан Қызыл кітапқа енген және жоғалып кету қауіпі бар жабайы жануарларға қатысты браконьерлік фактілер бойынша 23 қылмыстық іс анықтады.
Оның 18-і киік дериваттарын заңсыз қолдану бойынша және бесеуі – сирек кездесетін жануарлар (арқар , қарақұйрық) түрінің заңсыз аулануына байланысты істер.
Айта кетсек, мұндай қылмыстар ҚР ҚК-нің 337 «Заңсыз аң аулау, оның ішінде атыс, пневматикалық, лақтырылатын, суық қаруды, аулау құралдарының басқа да түрлерін қолдану» бабына сәйкес 3 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салумен немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен жазаланады.